Зарлык Машурцитируетв прошлом году
Темеш (Тимеш) ортасында қариялары айтып отырғанын естіп: «Бір қатын осындай үш-төрт елді өсірген!» - деген сөзді.
Бұрынғыдан қалған сөз бар: «Қозғанның қозылы-қойлық залалы болады» - делінген.
Қожамбердінің балалары: Байназар, Есназар, Қозыбақ. «Сарғыз» - деген - Тоқтастың тоқалының аты, оның балалары: «Сарықозған» - атанады. Елтізер (Елтызар), Шөлен (Шолын), Молдақияқтар, Өтетай, Таласбай.
«Тәңірберді тауып алған бала» - дейді. «Сондықтан аты Тәңірберді қойылған», - деседі. Бұрынғылардың: «Ораз түбі - Үйсін» дейтіні осындай болғаннан айтылса керек.
Қозғаннан бір келіншек қатын қалмаққа олжаға түсіп кетіп, соны Малқар іздеп барып алып келіп, қатын қалмақтан екіқабат жүкті болып, мұнда келген соң, ұл тауып, «Қалмақшы» - сол бала», - дейді.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать