b2016977371цитирует5 лет назад
Бір жақсы, аймағына қадірлі жігіттің қатынының әкесі өлген екен. Ауыл-аймағы: «Бір мал сойып, есіттіру керек!»- десіпті.

Қазақ ғұрпында өлген өлікті артында қалған жанашырларына мал сойып, есіттіреді екен.

Сонда жігіт айтыпты:

- Менің қатынымның әкесінің өлгеніне бір малды текке шығын қылмаңдар. Өздерің де соймағанды сойғызып, әуреленбеңдер. Мен өзім жылатпай, өкпелетпей, есебін тауып есіттірейін!- депті.

- Сен қалай есебін тауып, жылатпай есіттіресің?- депті.

- Түнде от сөніп, түндік жабылып, түн қараңғы болған кезде менің төсегімнің тұсына келіп, тыңдап тұра қалыңдар.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать