Сымбат Сарыбаевацитирует4 года назад
риза емессің. Дүниені қомсынасың, дүниеге ызаланасың. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол — ана! Ол саған бәрінен қымбат, ол дүниеден де үлкен, сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Бір-ақ жанға ырзасың. Ол — ана! Міне анаға деген махаббат туған күніңнен - ақ басталады, сондықтан ананың жолы басқа.

Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқындамайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес. Әсіресе мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, домалақ қара баланың анасы, әсіресе сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать