Айым Мавленцитирует4 года назад
Қыздың сұлулығы – оның денесінің, қолының сансыз əдемі қозғалысында, бетінің, көзінің əр уақытта да құбылып, күлкіге шомылып тұруында екен. Көзінің ойнақшуы, денесінің, қолының тынбастан қимылдап тұруы оның жастығына, тазалығына, күмістей таза күлкісіне қосылып айрықша бір сұлулық туғызады екен. Оның сұлулығы – кербез, өте көркем қозғалысында, көз қарасының құбылысының құбылуында, күлкісінің тазалығында екен. Егер де құбылуында қозғалысын, құбылуын тоқтатып, бір қалыпта қозғалтпай суретін салғың келсе, түк шықпайды екен.
  • Войти или зарегистрироваться, чтобы комментировать