Арыстандай азулымен жолдас болма, ашығасың, түлкідей қумен жолдас болма, асыласың», —
Екеуі ары алысады, бері алысады, бірақ бір-біріне әлдері жетпей титықтасып тұрып, ақыры болмаған соң ажырасады. Шал үсті-басын қағып, айналасына қараса, есек пен ат жолдың ар жағында қасынысып тұр екен. Сонда қария:
— «Арсыздан айуан артық» деген рас қой. Ананы көрдің бе? — депті.
«Жардың жағасына отырма», — дейді. Ол барады да жардың жағасына отырады. Жайғасып болған кезде біреуі: «Арсалаң, бері отыр!» — дейді. Арсалаң ары отырамын деп қозғалған кезде, жардан құлап кетіпті. Содан ел ішінде қырсық, кесір адамдарды әжуалап айтатын: «Арсалаң, бері отыр десе, ары жығылыпты», — деген сөз қалған екен.